Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Кіру Тіркелу

Маңғыстау облыстық құрылыс басқармасы

Ресми интернет-ресурсы

Маңғыстау облысының құрылыс басқармасында өткен «Қоғам және сыбайлас жемқорлық» тақырыбында дөңгелек үстел ХАТТАМАСЫ

18.01.2017
11:52:46
0

Ақтау қаласы   № 1  18 қаңтар 2017жыл 

Төрағалық еткен: Маңғыстау облысының құрылыс басқармасы басшысы  О. Аяпов

Хатшы: Құрылыс бөлімінің бас маманы А. Боздақбаева

Қатысқандар: 15Мемлекеттік қызметкер  

Күн  тәртібі:

2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясы негізінде «Маңғыстау облыстық құрылыс басқармасы» ММ-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған іс – шаралар жоспары сай, «Қоғам және сыбайлас жемқорлық» тақырыбында лекция оқу.

Баяндамашы: Құрылыс бөлімінің бас маманы  Ж. Амирова:

Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Басқа дамушы елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізді де жегі құрттай бұл кесел айналып өткен жоқ.

Республика Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты халыққа жолдауында ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпы ұлттық кешенді бағдарламаны дәйекті түрде жүзеге асырудың қажеттігін айтып, сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық мүшелеріне, сондықтан жемқорлықпен күрес жалпы барша халықтың борышы екенін атап көрсетті.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданғаннан бері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер дәйектілікпен жүзеге асырылуда. Осы бағыттағы шаралар мен көкейтесті мәселелерді шешуде заңдылықты жетілдіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Жалпы алғанда, қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде сыбайлас жемқорлық көрністерінің азаюы байқалады. Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі-парақорлық.  Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп-тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Яғни пара беру де, пара алу да пайдалы болмайтындай, үлкен қылмыс ретінде саналатындай жағдай, қоғамдық сана қалыптасуы қажет.

Парақорлық мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмет етуіне бөгет болып, билік және басқару органдарының беделіне нұқсан келтіреді, заңдылық қағидаларын жоққа шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қысымшылық жасайды. Парақорлықтың алдын алу, жолын кесу, ашу және тергеу жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді. Бүгінгі таңда әлеуметтік аурудың алдын алу және әшкерелеу үрдісі жылдан жылға өсе түсуде.

Әрине, сыбайлас жемқорлық сылып тастайтын сыртқы жара емес, бұл тамырын тереңге жайған, өзге сау органдарын шырмап, тыныс-тіршілігін тарылтатын, сөйтіп олардың толыққанды қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті кесел. Оны емдемес бұрын аурудың пайда болу, даму, таралу жолдарын біліп, дерттің қозуына қолайлы жағдай тууына жол бермеу керек. Ол үшін бұл ауруға қоғам болып қарсы тұруымыз қажет. Яғни бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көрністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс. Сонда ғана халық сенімінің үддесінен шығатынымыз сөзсіз.

Тарихи тереңнен бастау алған сыбайлас жемқорлық бүгінде бүкіл әлем қоғамдастығына қауіп төндіріп отыр. Біздің республикамызда да бұл мәселеге қарсы күрес шаралары тәуелсіздік алған сәттен бастап мемлекеттің бірінші кезектегі міндетіне айналды.

 «Жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз сонда ғана алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз» деп еді Елбасымыз. Сондықтан қоғамды жегідей жеп жатқан қауіпті індетпен көп болып күресуіміз  қажет.

Күн тәртібі бойынша сөз сойлеп, алға міндеттер қойылып, шешім қабылданды:

1.  Талқыланған мәселелер бойынша сөз сөйлегендердің ақпараттары назарға алынсын.

2.  2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясы негізінде басқармада  сыбайлас жемқорлыққа қарсы  бекітілген іс – шаралар жоспарына сәйкес ары қарай іс шараларды басқарма қызметкерлері  уақытылы  тұрақты түрде орындау керек. 


Басқарма басшысы   О. Аяпов

Хатшы   А. Боздақбаева


  • Ақпараттық ресурстар
    Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі www.kyzmet.kz
    Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті www.kyzmet.kz
    Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы elicense.kz
    Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулары goszakup.gov.kz
    Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми интернет - ресурсы mangystau.gov.kz
    ҚР Ұлттық Экономика Министрлігінің құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті www.kds.gov.kz
    «Ұлттық картографты-геодезиялық фонд» РМҚК http://nkgf.kz/
    Құрылыс және сәулет ұлттық жобасы kazniissa.kz
    "ҚР тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы" Жалпы республикалық ақпараттық – талдамалық Портал http://zhkh.kz/
    ҚР Ұлттық Эконмика Министрлігі Құрылыс, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті kazlands.kz
    Жылжымайтын мүлік қоры "Самруқ-Қазына" http://fnsk.kz