Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Кіру Тіркелу

Маңғыстау облыстық құрылыс басқармасы

Ресми интернет-ресурсы

Ереже

03.11.2015
17:22:44
0

  1. Жалпы ережелер

1. «Маңғыстау облысысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Басқарма) Маңғыстау облысы аумағының кешенді әлеуметтік-экономикалық дамуының ағымдағы және келешектегі міндеттерін шешуге бағытталған қала құрылысының іс-шараларын жүзеге асыру саласындағы қызметін үйлестіруді жүзеге асыру үшін құрылған мемлекеттік орган болып табылады.

Басқарма құрылтайшысы Маңғыстау облысының әкімдігі болып табылады.

Басқарманың құрылтай құжаттары Маңғыстау облысы әкімиятының 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 1 «Маңғыстау облысы әкімиятының «Маңғыстау облысы әкімиятының құрылымы туралы» 2004 жылғы 10 желтоқсандағы  №253 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы» қаулысы және осы Ереже болып табылады.

2. Басқарма облыстық құрылыс органы болып табылады.

3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақастан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, олбыс әкімдігі мен әкімінің нормативтік құқықтық актілеріне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Басқарма заңды тұлға болып табылады, дербес балансы, банк мекемелерінде есеп айырысу шоттары, өзінің атауы мемлекеттік тілде жазылған, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі мен мөртабаны, сондай-ақ бланктері болады.

Басқарма өз атынан азаматтық-құқықтық қатынасқа түседі

Басқарма, егер оған заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілсе, мемлекеттік атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болып кірісуге құқығы бар.

5. Басқарма өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамамен белгіленген тәртіппен облыс аумағында міндетті күші бар бұйрықтар түрінде актілер шығарады.

6. Басқарманың штат санының лимитін Маңғыстау облысының әкімдігі бекітеді.

7. Басқарманың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130000, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, № 1 үй.

Мемелекеттік мекеменің толық атауы:

мемлекеттік тілде - «Маңғыстау облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде – государственное учреждение «Управление строительства Мангистауской области».

8. Басқарма қызметін қаржыландыру тек қана облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

Басқарма заңнамамен көзделген жағдайларда табыс әкелетін қызметті жүзеге асыра алады. Осындай қызметтен тапқан табыстары облыстық бюджеттін кірісіне бағытталады.

9. Басқарма, оның Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен кезінен бастап заңды тұлға құқығына ие болады.

10. Мекеменің құрылтай құжаттарына барлық толықтырулар мен өзгерістер Маңғсытау облысы әкімдігі қаулысының негізінде еңгізіледі.

2. Басқарманың негізгі міндеттері

11. Басқарманың негізгі міндеттері мыналар:

1) облыс аумағындағы құрылыс саласында мемлекеттік саясатын жүргізу;

2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға кайшы келмейтін өзге де міндеттерді атқару болып табылады.

Басқарманың функциялары

12. Басқарма жүктелген міндеттерінде сәйкес заңнамамен белгіленген тәртіпте мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) әкімшілік-аумақтық аумақтардың құрылыс қызметін игеруді үйлестіру, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнама, өзгедей жобалық құжаттама нормаларының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;

2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды даярлауға қатысу;

3) салынған объектілердің пайдалануға берілуін қабылдап алуда қабылдау комиссиясы мен жұмыс комиссияларының жұмыстарына қатысу;

4) құрылыс үдерісін мемлекеттік реттеуге және құрылыс салуға, тұрғын үй құрылысын салуға бағытталған мемлекеттік қаражатты бөлуге қатысу;

5) мемлекеттік бюджет есебінен құрылыс нысандарына жобалау-сметалық құжаттарын бекіту және бақылауды іске асыру;

6) салынған нысандардың құрылыс сапасына және құрылыстың жүрісіне техникалық бақылауды іске асыру;

7) аяқталмаған нысандардың құрылысын бұзылудан қорғауды іске асыру;

8) құрылыс және жинақтау жұмыстары, ғимараттарды күрделі жөндеу мен объект құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу, ғимараттардың жинақтау жұмыстары мен күрделі жөндеу жұмыстарын атқару, автомобиль жолдарын күрделі, орта және ағымдағы жөндеу жұмыстарын атқару бойынша жұмыстарды мемелектеттік сатып алуды іске асыру.

Басқарманың құқықтары

13. Басқарманың негізге міндеттерін іске асыру мен өз функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамамен белгіленген тәртіпте мынадай:

1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға қайшы келетін жобалық-сметалық құжаттама мен басқа да ұсыныстарды келісуді қабылдамауға;

2) мемлекеттік қабылдау және жұмыс комиссияларының құрамында осы комиссиялардың жұмысы кезінде барлық тұрғын үй-азаматтық, өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық құрылыс пен қайта жаңарту объектілерінде, сондай-ақ олардың ведомствалық бағыныстылығына қарамастан, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрылымдарын шығаратын, облыс аумағында тұрған кәсіпорындарында бөгеусіз болуға;

3) мемлекеттік қабылдау және жұмыс комиссиялардың құрамында осы комиссиялардың жұмысы кезінде басқармаға жүктелген міндеттерді орындау үшін, функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды, қорытындыларды, материалдарды, мәліметтерді және ақпарттарды, олардың меншік нысанына қарамастан кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың лауазымды адамдарынан, сондай-ақ оғамдық бірлестіктерден және жеке тұлғалардан сұратып алуға және алуға;

4) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте жергілікті атқарушы органдармен, меншік нысанына қарамастан ұйымдармен, мекемелермен және объектілермен өзара іс-қимыл жасауға;

5) шет елдермен ғылыми-техникалық және экономикалық қарым-қатынасты жүзеге асыруға қатысуға, өз құзыретінің шегінде, ұйымдар мен кәсіпорындардың шетелдік жетекші фирмаларымен байланыс орнатуына ықпалды жәрдемдесуге;

6) құрылыс нормативтері мен ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету жөнінде құрылыс барысына техникалық бақылауды жүзеге асыру үшін келісім-шарт негізінде мамандандырылған кәсіпорындарды таратуға;

7) қала құрылысы тәртібін, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қаазақстан Республикасының Заңын бұзып, өз бетімен құрылыс салуға кінәлі адамдарды белгіленген тәртіппен әкімшілік және қылмыстық жвуапкершілікке тарту немесе айыппұлсанкцияларын беру туралы тиісті мемлекеттік органдарындың алдына мәселе қоюға құқығы бар.

  1. Басқарманың мүлкі, есебі мен есептілігі

14. Басқарманың жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады, ол коммуналдық меншікке жатады.

Басқарманың мүлкі, оған мемлекеттік берген мүліктер есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналым құралдарынан, сондай-ақ олардың құны Басқарманың балансында көрсетілетін өзге де мүлітерден тұрады.

15. Басқарманың өзіне бекітіліп берілген мүлкін ербес өзі оқшаулауға немесе өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ. Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жағдайлар мен шектерде мүлкіне билік ету берілуі мүмкін.

16. Басқарманың бухгалтерлік есебі мен есептілігі Қазақстан Республикасының қолдансытағы заңнамасына белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

17. Басқарма ай сайын іс-шараларға арналған қаражаттың қалыптастырылуы мен жұмсалуы туралы, сондай-ақ Басқарма аппаратының бюджеттік бағдарлама паспорттарын орындау жөніндегі қаржылық есебін Маңғыстау облысының қаржы басқармасына табыс етеді.

Басқарма қызметін ұйымдастыру

18. Басқарманы қолданыстағы заңнамаға сәйкес облыс әкімі қызметке тағайындайтын және одан босататын бастық басқарады.

Басқарма бастығының заңнамамен белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

19. Басқарма бастығы:

1) Басқарманың жұмысын ұйымдастыруды және басшылық етеді және Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруына, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысқа дербес жауапкершілік артады;

2) өз орынбасарының және Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындап белгідейді;

3) заңнамамен белгіленген тәртіпте Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

4) заңнамамен белгіленген тәртіпте Басқарма қызметкерлерін көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жазалар беру мәселелерін шешеді;

5) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдармен өзара қарым – қатынаста Басқармаға уәкілдік береді;

6) бұйрықтарға қол қояды, белгіленген еңбекақы төлеу қоры мен штат санының лимиті шегінде Басқарманың құрылымы мен штат кестесін бекітеді;

7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Басқарманың міндеттерінен туындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

20. Басқарма өз қызметінің нәтижелері үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамамен көзделген тәртіпте жауапкершілік артады.

Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

21. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыс әкімдігі жүзеге асырады.

Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі www.kyzmet.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті www.kyzmet.kz
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы elicense.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулары goszakup.gov.kz
Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми интернет - ресурсы mangystau.gov.kz
ҚР Ұлттық Экономика Министрлігінің құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті www.kds.gov.kz
«Ұлттық картографты-геодезиялық фонд» РМҚК http://nkgf.kz/
Құрылыс және сәулет ұлттық жобасы kazniissa.kz
"ҚР тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы" Жалпы республикалық ақпараттық – талдамалық Портал http://zhkh.kz/
ҚР Ұлттық Эконмика Министрлігі Құрылыс, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті kazlands.kz
Жылжымайтын мүлік қоры "Самруқ-Қазына" http://fnsk.kz